Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысына көмектесуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған қаласы мен өңірдің қазіргі жағдайы және оның даму перспективалары туралы баяндамаларды тыңдады.

Мемлекет басшысы осы баяндамалар негізінде Үкіметке және облыс әкіміне бизнес өкілдерімен бірлесіп атқаруы тиіс бірнеше мәселе бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясын әлеуметтік нысандар құрылысына көмектесуге шақырды.

«Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Тұрғындар инфрақұрылымның тиісті деңгейде жақсаратынына үміт артып отыр», — деді Мемлекет басшысы.