Ұлытау ауданында Конституцияны өзгерту бойынша референдум басталды
Таңғы сағат жетіде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу бойынша учаскелер ашылды.
Алғашқы сайлаушылар учаскелерге келіп, азаматтық ұстаным танытып, өз таңдауын жасады.
Дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары бақылайды.