Құрметті Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫ! Қадірлі «Ұлытау» газетінің ұжымы мен оқырмандары! 

Баршаңызды Арқадағы байырғы басылымдардың бірі – «Ұлытау» газетінің 80 жылдық тойымен «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің атынан шын жүректен құттықтаймын! 

Тарихын тереңнен алатын осынау бірегей басылымды Ұлытау өңірінің сыр сандығы десек те болады. Газет тігіндісінде қатталған талай жылғы деректер, тек аймақ жұртшылығы үшін ғана емес, тұтас халқымыз үшін құнды мұра. Қазақтың қастерлі мекеніне қоныс тепкен халықтың үні мен жыры, даласының сыры, жұртының мұңы, болмысының тілі көмкерілген соң, бұл газет те Ұлытаудың өзіндей қадірлі. 

Әр жылдары ұжымда қызмет еткен қаламгерлердің алдыңғы толқыны қалыптастырған игі дәстүрді кейінгі толқын заман талабына сай, лайықты жалғастыруда. Осының арқасында, оқырман ықыласына ие болған басылым өңірдегі өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағдарын жұртшылыққа кеңінен насихаттауға айрықша қызмет етуде.

 Тойларыңыз құтты болсын!

 Оқырмандар қатары еселей өсіп, газеттің одан әрі кемелдене түсуіне тілектестігімді білдіремін! 

Құрметпен, 

Қамбар АХМЕТ, 

«Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің Директоры.