Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жаздың алғашқы күнімен келетін, балғын буын үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мереке. Міне осы мерейлі мереке биыл «Балалар жылымен» тұспа-тұс келіп отыр.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тəрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Сондықтан, бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын жас ұрпақпен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Бүгінгі күні алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Сол себепті, біз балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне мүдделілік танытып келеміз. Елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған.
Қымбатты балалар!
Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сіздерсіздер! Сондықтан да, сапалы білім алып, еліміздің дəулетті, жеріміздің сəулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан əрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуға талпынуларыңыз керек.
Жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңызға тілектеспіз!
Болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар! Жүздеріңізге күлкі үйіріліп, жүректеріңізден мейірім кетпесін!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.