Құрметті мəдениет жəне өнер қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Мəдениет – ұлттың мəйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Өнер мен мəдениет – егіз ұғым. Əрбір елдің рухани күші оның мəдениетімен өлшенеді. Содан болса керек, өнер көшін алға ілгерілетуде ұлт руханиятының шырақшысы болып жүрген мəдениет майталмандарының қоғамдағы алар орны ерекше.

Үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытау топырағы талай мəдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарының алтын бесігіне айналды. Сіздер солардың ісін абыроймен жалғастырып, өңір өркениетінің дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер. Ұлттық өнердің қанат жайып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуында баршаңыздың үлестеріңіз зор, еңбектеріңіз ерен.

Мереке күні мəдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Ел мен өңір мəдениетінің өркендеп-өсуіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, тамаша тартымды туындыларыңызбен қуанта беріңіздер!

Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Мереке құтты болсын!

 Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының əкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

 аудандық мəслихаттың хатшысы.