Музей – өңір тарихының қоймасы

Халықаралық музейлер күні аясында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығында мерекеге сай ауқымды іс-шаралар өткізілді. Мерекелік шара «Ұлытау» сапар орталығында мекеме қызметкерлерін марапаттаумен басталды.

Музей директоры Нұрлан Қасымбеков əріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, музейдің бірқатар қызметкерлерін марапаттады. Атап айтар болсақ, экскурсия жетекшісі Қымбат Мағзұмова мен заңгер Айгерім Еділбаеваға аудан əкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар, əкімшілік шаруашылық бөлімінің қызметкерлері Ербол Бахтыбаев пен Нұржан Бейсалы музей директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты рəсімде музей директорының орынбасары Аман-Серік Есенғали, музейдің бас есепшісі Айтбала Оспанова, қор сақтау бөлімінің басшысы Баян Шайгөзова, əкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы Қуантай Жабағин сөз сөйлеп, жылы лебізін білдіріп, əріптестерін мерекелерімен құттықтады.

Бұдан кейін мерекеге орай, «Музей жанашыры» атты акциясы өткізілді. Акцияны қор сақтау бөлімінің басшысы Баян Шайгөзова ашып, оның негізігі мақсатына тоқталды.

Шара барысында ауыл тұрғындары Байжан Бименов пен Лəйла Есмұратова музей қорына құнды жəдігерлер тапсырды. Музей директоры Нұрлан Қасымбеков жəдігер өткізушілерге алғыстарын айтып, мерекелік сый-сияпаттар табыс етті.

Мереке соңы «Музей түні» бағдарламасына ұласты. Бағдарламада аудан тұрғындарына тегін деректі фильм көрсетілді.

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі.