Мамандығын сүйетін майталмандар

Елімізде 17 мамыр – Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні болып белгіленген. Бұл күн байланыс саласы мамандарының кəсіби мерекесі. Аталған жүйе бүгінде аудан халқына мінсіз қызмет көрсетуде. Электронды ақпарат құралдарының заманауи үлгілері көбейген сайын байланыс саласының жұмыстары да автоматтандырылып, телефон байланысы даму үстінде. Қазір телекоммуникация жұмысы өзгерген, бұрынғыдан басқаша. Тіпті, шалғай ауылдарда сымсыз байланыс құралдары төрден орын алады. Ақпараттық технология қарыштап алға озған кезеңде коммуникация қызметінің заман көшінен бір қадам алға жүруі, ол да заман талабы. Себебі, бүкіл шартарап осы ақпараттық коммуникацияға жіпсіз байланған. Бұл бұрынғы телеграф емес, «Қазақтелеком» АҚ компаниясы.

Əңгімеміз байланыс саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Марат Жанабаев пен Нұртай Бейсенбаев жайында. Осы екі азамат телефон жүйесін бүге-шігесіне дейін білетін кəнігі мамандар. Бір сөзбен айтқанда, телекоммуникация желілеріне қызмет көрсететін осылар. Олар өз мамандықтарын жетік білгендіктен аудандағы байланыс саласы да жыл сайын дамып келеді. Марат пен Нұртай «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ұлытау өндірістік торабында кабель зақымдануларын жою жəне кабель желілерін жөндеуді қамтамасыз ететін электржөндеушілері. Еңбек өтілі де айтарлықтай, содан да болар телефон жүйесін бес саусақтай біледі. Өз жұмыстарын оңтайландырып, заманауи үлгіде жұмыс істеуге көшкен. Жаңа жүйені меңгергендеріне де бірқатар уақыт болды. Бүгінде оларға жүктелер міндет аз емес. Атап айтсақ, тұрақты телефон, интернет желісімен мегалайн, алтел, «Бизнеске арналған Witi», Attet жəне TeIe 2 операторларымен бірлескен ұялы байланыс бойынша қызмет көрсету, IDTV интерактивті сандық жоғары жылдамдықты түрлі қосымша қызметтер бар. Бұларды пайдаланып отырған мекемелер мен тұрғын үйдегі қолданушыларға қызмет көрсететін осы азаматтар. Осыған қарағанда, Марат пен Нұртайдың жұмысын жеңіл-желпі деп айтуға келе қоймас. Аудан бойынша «Қазтелеком» АҚ интернет қызметін пайдаланушылардың саны өсті. Соңғы бірер жылда мобильдік құрылғыларды қолданушылардың қатары артты. Демек, бұл салаға қоғамның барлық тетігі тəуелді. «Қазтелеком» АҚның талшықты-оптикалық желісін қолдану үшін телекоммуникация қызметтеріне бəрі жүгінеді. Ал, ғаламтордың қалыпты жағдайда жұмыс істеуі, телефонның іске қосылып тұруы жоғарғыда аты аталған екі азаматтың мойнында. Тіпті, кейбірде демалыс күндерінің өзінде байланысы сыр беріп жатса, ауыл тұрғындары Марат пен Нұртайды іздеп əлек. Бұл азаматтардың қолы бос, жайбарақат жүретін күндері сирек. Қашан көрсек те асығыс-үсігіс қарбалас шағында жиі кездестіреміз. Осыдан-ақ олардың жұмысы қандай екенін бағамдай беруге болады. Жайшылықта сырт көзге аса байқалмауы мүмкін. Бірақ, үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Бүгінде осы жігіттердің тиянақтылығының арқасында телефон жүйесі кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Бұған қарап оларды өз кəсібін ұршықша иірген сол саланың майталманы десем артық айтқандық емес. Қазіргі дамыған заманда телефон жүйесіндегі жаңа технологияны əп-сəтте меңгеріп, өз саласына енгізе білген майталмандар. Бір байқағанымыз, екеуі де салмақты. Көңілі таза, кімге болса да ізеттілік сезіммен қарайтын жандар. Еңбектері адал, қандай марапат болса да лайықты азаматтар. Бұлай құлаққағыс ретінде айтып отыру – біздің парызымыз.

Қайрат ЖҰМАБАЙ