БІЛІМ БЕРУГЕ — ШЫНАЙЫ ҚОЛДАУ
Бүгінгі заман – білектілердің заманы емес, білімділердің заманы. Қазіргі таңда білім бірінші орында тұр. Сондықтан оның әлеуетін көтеру, сапасын арттыру өмірдің өзі тудырған мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы да осыны айқындап тұр.
Тіл білу де, технологияны шебер қолдану да заман талабы. Бірақ қазіргі күні әлемді жайлаған індеттің өршуіне байланысты ғылым да, білім де онлайн форматқа көшуде. Бұл әрине технологияның дамуына, ақпараттық технологияны жақсы меңгеруге жол ашатыны сөзсіз. Дегенмен бұл мәселе жаңа мектеп табалдырығын аттаған оқушыдан, білікті мұғалімдерге дейін қиындық тудырып отыр.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында бүгінгі күні болып жатқан жағдайды ескере отырып, оқушыларға да, студенттер мен мұғалімдерге де тиімді тәсілдің әлі күнге дейін ойластырылмағанын, онлайн-платформаның жоқтығын ашып айтты.
Бұл орайда Президентіміз оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Оқушылар сапалы білім алу үшін мектептегідей еркін болу үшін барлық жағдайды қарастыратынын айта кетті . Сапалы білім ол жарқын болашақтың кепілі. «Ел боламын десең бегігіңді түзе» деп ата-бабамыз айтып кеткендей қазіргі жастарымыз келешектің айқын айнасы іспеттес.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы басты мәселені де көтере кетті. Ол әрине ұстаздар жалақысының аздығы. Президентіміз 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ұстаздардың жалақысын 25%-ға көтеретінін және жалақы мөлшері алдағы уақытта арта беретінін айтты. Бұл мақсатқа алдағы уақытта үш жыл көлемінде 1,2 триллион теңге бөлінетінін басты назарға қойды.
Президенті Жолдауында білім мен ғылымды дамытудың ең басты мақсаты – білім саласын көтеруді, жыл сайын бөлінетін гранттардың санын көбейтуді. Ғылымның дамуына қазіргі «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды.
Сонымен қатар ірі бизнес өкілдерінің өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлықтарына алса, оларға қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болатынын ғылым мен біліміміздің сәл де болса дамуына жол ашатынын нық басып айтты. Президентіміз осы Жолдауы арқылы қазіргі жағдайда әлемдік болып жатқан дерттен құтыламыз деп жүріп, сауатсыздық дертіне шалдықпауымызды ашық жеткізіп отыр. Қандай жағдай болмасын білім саласының төмендеуіне, ғылым саласының құлдырауына әкелмеуіміз керек. Қазіргі күннің басты талабы да осы.
Динара ЕДІЛБАЕВА,
№7 Сарысу орта мектебінің директоры.