Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы жалған ақпарат тарады
Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін республикалық референдум барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының барлық мүшесінің құқығына қол сұғылмауына кепілдік беретін және азаматтардың салығы есебінен Назарбаев отбасын өмір бойы асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны туралы ақпарат тарады.
Бұл — жалған. Әділет министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Керісінше, Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасында Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты барлық нормаларды алып тастау ұсынылды», – делінген министрлік жауабында.