Ескерткіштер мен көрнекті орындарға сенбілік жасалды
Әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні 1984 жылдан бері атап өтіледі. Бұл атаулы күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын.
Бүгінгі таңда халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы ұйымының қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Бұл мемлекеттер 1972 жылы қабылданған «Мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі дүниежүзілік конвенцияның» қатысушысы болып табылады. ЮНЕСКО-ның тізіміне әлемнің 122 елінде орналасқан дүниежүзілік мұраның 754 нысаны енгізілді, олардың арасында отандық ескерткіштер де бар.
Осы атаулы күн аясында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қасымбеков бастаған мекеме қызметкерлері Ұлытау селосы кіреберісінде орналасқан “Қазақстан халқының бірлігі” монументі маңына сенбілік жұмыстарын жасады. Бұл жылдағы дәстүрге айналған іс-шара. Өткізілген тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері біркісідей қатысты.
Бұдан кейін музей-қорық ұжымы “Ұлытау” сапар орталығына да арнайы сенбілік жұмыстарын жасады.
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі.