Ерлан Қошанов — «AMANAT» партиясының төрағасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды.

«Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев», — партияның ХХІІІ сьезінде.

«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау тарихи кезеңде партияның жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін, жүктегеніңіз үшін өзіңізге және осы шешімді қолдаған партиялас әріптестеріме зор алғысымды білдіремін. Мен бұл шешімді үлкен сын, үлкен жауапкершілік және аманат деп түсінемін», — деді ол AMANAT партиясының XXIII съезінде.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр.

21 сәуірде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады.

Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет. Биыл наурыз айында «ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның AMANAT-қа қосылу шешімін түсіндірді.