Егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалық иегерлері НАЗАРЫНА!
Ауыл шаруашылық дақылдары, оның ішінде астық тұқымдастарын түрлі аурулардан дәрілеу және химикаттар, тұқым улағыштары, пестицидтер бойынша Қостанай қаласы генерал Арыстанбеков көшесі 6 үй, №13 кеңседе орналасқан «BekAs и К» ЖШС Рүстем Тажекеновтің 87776267152 нөміріне хабарласып, ақпараттық кеңес алуға болады.
БИН: 191040033789 лицензия №21031121.
Тұқым дәрілеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлеріңіз ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау мамандарына келіп, техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысып, медициналық байқау қағазын тапсыруы қажет. Тұқым дәрілеу жұмыстарына қатысатын адамдарда арнайы киім мен алғашқы жәрдемге дейін дәрі қобдиша болуы керек. Жұмыс жасау кезінде сақтық жасаған дұрыс. Жұмыс істеудің алдында қызмет көрсететін адамдар сақтандыру ережесімен танысып, арнайы киімдер мен (комбинизон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және т.б.) қамтамасыз етілуге тиіс.
Жомарт Асанәлі,
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маман, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.