Табиғатты аялау – баршаның ісі

Қазіргі кезде табиғи таза ортада өмір сүруімізді қамтамасыз етіп отырған «Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі»-нің «Ұлытау» орманшылығы қызметкерлерінің табиғат аясына демалуға шыққанда өрт қауіпсіздігін сақтап, тазалық сақтауларыңыз қатаң ескертіледі. Демалып болғаннан кейін қайтарда пайдаланған тұрмыстық қалдықтар мен жарамсыз заттарды арнаулы орындарға, арнайы жәшіктерге тастағандарыңыз жөн. Бұл баршамызға ортақ міндет әрі азаматтық парыз, қоршаған ортаға деген құрмет.

Баршамызға белгілі 2021 жыл айтарлықтай оңай болған жоқ. Қатаң талаптарды сақтамағандықтан орман-тоғайдың аз да болса біршама бөлігі және шаруа қожалықтарының қысқы мал азығы, жинаған шөптері отқа оранды. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қатаң талаптарды қазірден бастап қолға алғанымыз жөн. Өрт қауіпсіздік талаптары сақталмай, өрттің орын алуы «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 367-бабында, ормандарда қауіпсіздік талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзуға кедергі келтірмеу.

Табиғаттың байлығы – баршаға ортақ ұрпақ игілігі үшін өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз. Қолда бар байлықты сақтау, оны тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру – өзіміздің қолымызда. Бабамыздан қалған табиғи мұраны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырайық, ағайын!

Мырзабек МҰҚАНОВ,

«Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі»-нің «Ұлытау» орманшылығының басшысы.