Аналар – құрмет құшағында

Ауданымызда қарт аналар құрмет көрсету жыл сайын дәстүрге айналған. Биылда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, аудан әкімі Советбек Медебаев пен аудандық мәслихат хатшысы Аманжол Мырзабеков Ұлытау ауылдық округіне қарасты ардақты аналардың шаңырағында болып, жарқын жүздесті. осынау шырайлы да, шуақыты мерекемен аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат депутаттар корпусы атынан құттықтап, сый-сияпат жасады. Қарт аналарымызды құттықтау рәсімін де Ұлытау ауылдық округінің әкімі Талғат Әбжаппаров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Кареновте болды.

Аналарымызды құттықтаушы топ аудан орталығында тұратын Шәйжамал Досанова, Оразкен Тағанбаева, Гүлмира Сейтмағанбетова, Орынбасар Қалекенова, Қуаныш Қыдыкенова, Зүбайра Жарқынбековаға гүл шоқтарын ұсынып, мерекелік сый-сияпаттар жасады.

Көнекөз қариялар ілтипат танытып ризашылықтарын білдіріп, құттықтаушы топқа ақ батасын берді.

P.S. Баршамыздың асыға күтетін аналар мейрамының ауданымызда барлық сән-салтанатымен өтуі де заңдылық. Не құрметке болса да лайық аналарымызды қадірлеу, құрметтеу осы бір шырайлы мерекенің шырайын шығарып өткізу аналарымызға, жалпы нәзік жандыларға деген құрмет пейіл, ықылас пен ниет болса керек. Сайып келгенде, ауданымыздағы қарт аналарымызды өз шаңырағында балалары мен немерелері алдында ілтипат білдіріп, мұндай игі шараларды ұйымдастырудың өзінің тәрбиелік мәні бар.

Жасұлан АЯШЕВ