Серіктестік директоры тағайындалды

Газет құрылтайшысының шешімімен «Ұлытау аудандық «Ұлытау» газеті редакциясы» ЖШС директоры лауазымына Ақжол Ахатұлы ҚҰРМАНСЕЙІТ тағайындалды.

Ақжол Ахатұлы 1990 жылы 23 қарашада Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында туған.

1 сыныпқа №1 Ұлытау орта мектебіне барып, Қаражал қаласындағы №7 орта мектепті тәмамдаған.

Білімі – жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген (2012). Біліктілігі – экономика және бизнес бакалавры.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті магистратурасында менеджмент мамандығы бойынша оқыған (2018), экономика ғылымдарының магистрі.

Сібір тұтыну кооперациясы университетінде (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.) халықаралық тағылымдамадан өткен (2018). 2015-2019 жылдары Қарағанды облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі облыстық кеңестің мүшесі болған.

Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығы естелік медалімен, ҚР Президенті және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Еңбек жолын 2012 жылы қазан айында Қаражал қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы болып бастаған.

— 2013 жыл, қаңтар – Қаражал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.

— 2013 жыл, ақпан – Қаражал қаласы жастармен жұмыс жөніндегі орталығының директоры.

— 2014 жыл, қыркүйек – Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар бастамаларын қолдау орталығы директорының орынбасары.

— 2015 жыл, наурыз – Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры.

2019 жылғы ақпаннан тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары қызметін атқарған.