Көліктегі кемшілікті жою – қауіпсіздік кепіл

Көліктегі өрттің шығуына себеп, көліктің астында орналасқан түтін шығаратын құбырдың қызуынан, шөп немесе жанғыш заттардың сол жерге тиіп кетуінен, ток сымдарының тұйықталуынан, бензин түтіктеріне от шабуынан болады.

Көп жағдайда қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайды: жанармай еру жүйесінен ағу; көлік ішінде темекі шегу; жанғыш жүктерді тасымалдауда салғырттық болу; жанармай төгіліп от шығуы;

Далалық жерде машинаның өртке оралған кезде қандай іс-шаралар ұйымдастыру керек.

Көліктің моторын өшіріп, қолмен тежегішті (қол тежегіші) тартыңыз. Жолаушыларды көліктен түсіріп, құжаттарды жинап алыңыз. Өрт ошағын анықтап және оның қарқындылығын бағалаңыз. Жанармай багінің жанындағы өрт өте қауіпті. Жарылыс кез келген уақытта болуы мүмкін, сондықтан жолаушылармен бірге қауіпсіз арақашықтыққа кеткен жөн. Көліктің капотын ашқанда абай болыңыз, ашқан сәтте оттегі ағысы көбейіп, от жалыны күшейіп кетеді. Капоттың құлпын ашарда қолға мата орап алыңыз, бұл сіздің қолыңызды күйіктен сақтайды.

Өрт сөндіргіштің көбігі (газ) ағысын от ошағына бағыттап, оны өрттің барлық аумағына шашыңыз. Тағы да бір өрт сөндіру тәсілі – ол өрт ошағын біртіндеп өшіріп өрт алаңын басып алу. Ең тиімдісі бірнеше өрт сөндіргіш құралдарын қолдану және де қарапайым өрт сөндіру құралдарын біріктіру: құм, брезент, жамылма немесе күртелер (от үстіне жабады), қар, су және т.б.; өртті қарқындылықпен шешімді сөндіру қажет. Көлік ішіндегі синтетикалық материалдар белгілі температура деңгейіне дейін қызып жана бастайды, оны сөндіру өте қиын. Жанып жатқан көлік ішінде 1,5 минуттан артық отыруға болмайды. Жанармайдың төгілу нәтижесінде өрт пайда болған жағдайда, бірінші жанармайды өшіріп, сонан соң көлікті өшіру керек. Жеке бас қауіпсіздігін де ұмытпаңыз – қолыңызға жанармай жағылып, үстіңіздегі киіміңізге жанармай сіңуі мүмкін. Көлікке жанармай құю алдында моторды сөндіру керек.

Автокөлік құралдарының электр жабдығы жүйесінде сымдарды пайдалану кезінде қысқаша ұшқындау кезінде жанғыш құрылымдық материалдардың, механиканың ескіруіне байланысты, термиялық әрекеттің әсерінен, электр құрылғы элементтерінің және жобалау кезіндегі қорек жүйесінің қате құрылымынан немесе автомобильді жөндеуде, автомобиль жүйесінің техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан жануы мүмкін.

Жеңіл автомобильдерде өрт сөндіргіш сол жақта немесе жүргізуші орындығының және алдыңғы жолаушы орындығының астында орналастырылады. Жүргізуші орындығын қозғаған кезде кедергі жасамауы керек. Жүк автомобилінің кабинасында өрт сөндіргіш орындықтың астында орналастырылады.

Медет ИСМАЙЛОВ,

 Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.