Жаңа дүкен ашылды
Аудан орталығында тағы бір жағымды жаңалық. Абай көшесі бойынан жаңа дүкен ашылды. Дүкенді Ұлытау ауылының тұрғыны Мағауия Омар өз қаражатымен ашып отыр.
Нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов қатысып, кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Лента қию рәсімін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Ұлытау аудандық филиалының директоры Аманбек Сүлейменов пен еңбек ардагері Қадыр Омаров іске асырды. Бүгінде дүкенде азық-түлікпен қатар, қолжетімді бағамен киім-кешектер сатылуда.
Өз тілшімізден.