Майталман мамандар марапатталды

22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Архившілер күні. Осы күні ауданымыздың Архив саласының қызметкерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсімі облыс орталығында өткізілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен аудандық мемлекеттік архивінің басшысы — Гүлмира Рыспаева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінінің Алғыс хатымен осы мекеменің бас есепшісі – Гүлнәр Рбашова марапатталды. Сонымен қатар, «Ең үздік архивист» аталымы бойынша аудандық мемлекеттік архивінің қызметкері – Қарлығаш Ізтілеуова арнайы Дипломмен марапатталып, 150 мың теңге ақшалай сертификат табыс етілді.

Өз тілшімізден.