Ұлытау ауданы әкімінің грант байқауына өтініш қабылдау басталды
Ұлытау ауданындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау мақсатында аудан әкімінің грант байқауы жарияланды. Өтінімдер 14 желтоқсан мен 22 желтоқсан аралығында қабылданады. Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы өз ісін жаңадан бастаушылар немесе әрі қарай дамытқылары келетін жас кәсіпкерлер қатыса алады.
Өтінішті pdf-форматында Ms.ulytau@mail.ru поштасына жіберуге болады.
Грант байқауы туралы толығырақ төмендегі нөмірлер бойынша біле аласыздар:
8 (700-670-88-94 (WhatsApp)
8 (705-628-07-72 (WhatsApp)
Ізденушілерге қойылатын жалпы талаптар:
1. Конкурсқа қатысуға өтінім берген сәтте 18-29 жас аралығындағы Ұлытау ауданында тұратын жастар жіберіледі.
2. Өтінімге төмендегі құжаттар қоса беріледі:
• қатысу үшін үлгілік нысанға сәйкес өтінім;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• үлгілік құрылым бойынша әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
• соңғы 36 айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
•соңғы 36 айда бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті кәсіптік дағдылар мен құзыреттер бойынша оқытудан, біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттың (сертификат, диплом) көшірмесі (бар болған жағдайда);
•қатысушының (патент, куәлік) бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті әзірлеу (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
•ағымдағы банктік шотта қаражаттың болуы туралы анықтама (бар болған жағдайда, бизнес-жобаны өз қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндігін растау үшін);
•бизнес-жоспар жобасында пайдаланылатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жеке меншікті растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жалға алу шартының көшірмесі (бар болған жағдайда);
•соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан үзінді («жұмыссыз» мәртебесі бар қатысушыларға қойылатын талаптар, «neet жастар» санаты);