Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақырады
Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары Қазақстан Республикасының азаматы болу, орта білімі бар, денсаулығы әскери қызметке жарамды және оқуға, 16 жасқа толған азаматтар қабылданады. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің өткізетін Ұлтық Біріңғай Тестілеу (ҰБТ) кезінде алынған баллдарға сәйкес берілетін сертификат арқылы Академияға қабылдау жасалады.
Азаматтардың күндізгі оқу бөліміне қабылдау тәртібі 4 этаптан тұрады:
— 1-ші этап бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеу (ҰБТ) кезінде алынған баллдарға сәйкес берілетін сертификат арқылы (қазақ тілі, орыс тілі және Қазақсатан тарихы, төртінші пән физика, профильдік пән -математика);
— 2-ші этап бойынша азаматтардың медициналық тексерісі;
— 3-ші этапта азаматтардың денешынықтыру (физикалық) тексерісі болады, 100 метрге жүгіру, турникте тартылу (подтягивание на турнике), кросс 1000 метрге;
— 4-ші этап бойынша мандаттық комиссия курсанттыққа өтуге өз шешімін қабылдайды.
Курсанттыққа өткеннен кейін казармалық жайда 4 жылдық оқуын жалғастырады.
Оқу киімдері, курсанттардың тамақтануы республикалық бюджеттен есептеледі. 1-2 курстарда курсанттарға төлемақы төленеді (стипендия).
Академия қабырғасында 3 жыл казармалық жайда болғанан кейін, 4-ші курста ерікті казармадан тыс оқу жалғастырылады.
Оқу аяқталғаннан кейін Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясына келісім-шартқа отырып, азаматтық қорғау органдарында міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.