Еселі еңбегінің жемісі
Ұлытау аудандық орталық ауруханасында 43 жыл қызмет атқарған Ақзейнеп НАУРЫЗБАЕВАҒА құрмет көрсетілді.
Бүгінгі күні ақ халатты абзал жан Ақзейнеп Оразбекқызы 70 жасқа толып отыр. Аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы туған күн иесін мерейлі жасымен құттықтап, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұдан кейін «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ұлытау ауданы бойынша өкілдігінің төрағасы Шаяхмет Үмбетов құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Аудандық аурухана атынан Марат Дүкенбаев аудандық билік өкілдеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Өз тілшімізден.