ТАҒАЙЫНДАУ
2021 жылғы 25 қарашада Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан ФАЙЗУЛЛИННІҢ бұйрығымен Ұлытау ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына, полиция подполковнигі Руслан ДІЛМҰХАМЕДОВ тағайындалды.
Жеке құрамға жаңа бастықты Қарағанды облысы Департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев таныстырды.
Руслан Рүстемұлы 1984 жылы 25 қарашада дүниеге келген. 2006 жылы ҚР Қостанай облысы жоғары тергеу мектебін бітірген. Ішкі істер органдарында 2002 жылдан бастап қызметте
. Еңбек жолын Қарағанды облысында Киров қаласы бойынша қылмыстық тергеу бөлімінің жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің тергеу тобының жедел уәкілі болып бастады. Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған.
Ұлытау ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалғанға дейін Руслан Рүстемұлы Қарағанды облысы ПД Ұлытау ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.