Олқылықтардың орны толып отырды

Бүгінде 80-нің сеңгіріне шығып отырған аудандық «Ұлытау» газеті, алғашқы сандарынан бастап-ақ аудан аумағындағы оң шешімін табуға тиісті өзекті мәселелерді көтеріп келді. Газет сынға алған мәселелер негізінен аудан халқының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалын жақсартуға бағытталды.

Бұқараның жайлы тұрмыс кешуіне керекті ауызсу, электр жарығы, жол қатынасы сияқты мәселелермен қатар ауылшаруашылығы мен құрылыс, білім беру мен медициналық қызмет көрсету, т.с.с. салалардағы орын алып отырған олқылықтарды жоюды мақсат тұтқан материалдар жиі жарияланып тұрды. Осылайша, биыл өзінің 80 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алған аудандық «Ұлытау» газеті, ел-жұртының жоғын жоқтаудан, барын бағалаудан жалыққан емес.

Баспана, тұрғын үй мәселесі – қай заманда болсын өзекті мәселе! Аудандық газет сол жылдары да тұрғын үй мәселесін назардан тыс қалдырмаған. Соның нәтижесінде аудандағы елді мекендерде құрылыс қарқын алып, қазіргі ақшаңқан үйлер ауылдықтарға берілді. Сөйтіп, аудандық газет көтерген мәселелер қал-қадірінше оң шешімін тауып отырды. 

Мына сурет – газет көтерген баспана мәселесінің оң шешілуіне шақырып тұрғандай…

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ