Қарағандылық Рахат Жаңаниет самбодан әлем чемпионы атанды

Қарағандылық самбошы Рахат Жананиет самбодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 64 келіге дейінгі салмақтағы финалда ол тәжік спортшысы Хушкадам Хусравовты жеңді.

Халықаралық біріншілік 12–14 қараша аралығында Ташкентте өтті. Әлем чемпионатына 50 елдің ең мықты самбошылары қатысты.

Сондай-ақ, тағы екі спортшы чемпионаттың жүлдегерлері атанды. Ажар Салыкова екінші орын, Айдын Дратаев үшінші орын алды.

Үшеуі де ДШжСБ олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары болып табылады.

Спортшылардың тәлімгері – Қарағанды облысының самбодан аға жаттықтырушысы Дәурен Адамбаев.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша