Жезқазған «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалінің Гран-при иегері атанды
Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалінің қорытындысы жасалды. Оған халық қолөнері мен кәсіпшілік саласынан 125 шебер, сондай-ақ облыстың 16 өңірінен келген орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Гран-при иегері Жезқазған қаласы болды.
Қазақ халқының мәдениеті мен қолөнерін сақтауға бағытталған фестивальді осы жылдың маусым айында қазылар алқасы мен облыстық «Сарыарқа» телеарнасының түсірілім тобының мүшелері Қарағанды облысының қалалары мен аудандарын аралаудан бастады.
– Іс-шара керемет өтті, біз талантты шеберлерді, әншілер мен музыканттарды іздедік. Біз оларды таптық. Фестиваль дәстүрлі болғанын қалаймыз. Бұл ұмытылған өнерді жоғалтпау үшін, халық шеберлері өздерінен кейін шәкірттерін қалдырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін қажет, – дейді қазылар алқасының мүшесі, әнші және композитор Саят Әбдіғали.
Фестивальдің жабылуына театрландырылған көрме дайындалды. Көшпенділер өмірінен көріністерді Қарағанды қаласындағы Сейфуллин театрының фойесінде көрсетілді. Онда алтыбақан орнатылды, ал жанында тазы мен бүркіті бар аңшылар бар. Сондай-ақ жұмыс істеп отырған ұсталарды және киіз басушы шебер әйелдер болды. Сонымен қатар қазақша күрес, асық ату, бес тас сияқты ұлттық ойындар таныстырылды.
Экспозицияда үздік шеберлердің ағаштан, киізден жасалған жұмыстары, ұлттық аспаптар, зергерлік және қағаздан жасалған бұйымдар, тұрмыстық заттар мен ұлттық тағамдар ұсынылды.
– Төрт жыл бойы біз тоқымашылықпен айналысамыз, портреттер мен картиналар жасаймыз. Біздің өзіміздің тоқитын технологиялық картамыз және арнайы станогымыз бар. Табиғи қой жүнін пайдаланамыз. Бір картинаны жасау үшін бір апта кетеді. Біздің жұмыстарымызда негізінен танымал тұлғалар, Қазақстанның символы – домбыра, Ұлы Жібек жолы, бүркітшілер және басқалары бейнеленген, – деді Ақтоғай ауданынан келген жас шебер Жанғазы Сейітқазы.
Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нукенов фестиваль қатысушыларына сөз сөйледі:
– Міне, жарты жылға созылған фестиваль аяқталды. Барлық уақытта өнер мен мәдениет қиындықтарға қарамастан үнемі алда болатын. Қазір пандемияға байланысты еліміз бен бүкіл әлем үшін қиын уақыт, бірақ біз бұл фестивальді өткізуді шештік. Мен көрмені көрдім, тамаша дүниелер бар, осының бәрін болашақ ұрпаққа жеткізу керек, ол үшін осындай іс-шаралар жиі өткізілуі қажет. Біз бұл фестивальді жүйелі түрде – екі жылда бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз.
«Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалінің Гран-при иегері Жезқазған қаласы болды.
Қалалар мен аудандар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Балқаш қаласы және Ұлытау ауданы;
2 ші орын – Қаражал қаласы және Ақтоғай, Жаңаарқа және Шет аудандары;
3 орын – Сәтпаев қаласы және Абай және Бұқар-Жырау аудандары.
Сондай-ақ, 28 қолөнерші алты номинация бойынша үздік атанды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Фестиваль «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» атты ең жарқын нөмірлер көрсетілген гала-концертпен аяқталды.