Әлеуеттік қорғау — дамуға бастау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Бұл жолғы Жолдауда да халықтың мұң-мұқтажы мен әлеуметтік жағынан қорғалуы тағы бір мәрте көтерілді. Осы міндет-тікелей әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне жүктелді. Осыған орай, қазіргі уақытта Президент Жолдауында міндеттелген тапсырмаларды тиянақты орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна ӘБІЛОВА айтып берді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдің тыныс-тіршілігіне қатысты бірде-бір мәселе назардан тыс қалған жоқ. Топтастырып айтар болсақ, әлеуметтік ахуал, халықтың тұрмысы, жалпы күн көрісі, оған қоса, инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды дүниелердің барлығы сөз болды. Президент бүгін барлық салада, барлық жұмыста жауапкершілік жүгін арқалайтын кезең келгенін айтты. Бұл жауапкершілік баршамызға қатысты. Біз өзіміздің саламызда Жолдауда айтылған тапсырмаларды басшылыққа алып, жұмыс жүргізудеміз.

Бұл ретте, ауданда халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралары бойынша кешенді жоспар аясында шешіледі.

Қазіргі кезде бұл еңбек және нәтижелі жұмыспен қамту, сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында бірінші бағыт бойынша кадрларды қайта даярлау курстарынан 6 адам өтіп, жұмысқа орналасты.

Жаңа бизнес жобасын ашуға мемлекеттік грант 200 АЕК көлемінде 30 адамға 17502,0 мың теңге берілді.

Өз ісін дамытуға несие 2021 жылы 13 адамға 62800,0 мың теңге көлемінде жасалды. Сонымен бірге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 13 адамға 62800,0 мың теңге берілген болатын.

2021 жылдың 9 айында жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдылығымен 363 адам өтініш білдіріп, 282 адам (77,7%) жұмысқа орналастырылды. Ал, халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы формалары арқылы жұмыссыз 12 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік бердік. Сондай-ақ, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 15 түлегі жастар тәжірибесіне жолданды және 206 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

ІС ТЕТІГІ – МАМАНДАРДА

Бөлімде қазіргі таңда 4 мемлекеттік қызметкер, 6 азаматтық қызметкер және 18 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады. Бөлім қызметкерлері халықтың нысаналы топтарына (аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткер жасындағы тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, батыр аналарға, т.б әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға) мемлекеттік негізде қамқорлық көрсетеді.Бөлімнің жұмыс жүргізудегі негізгі мақсаты: әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын және әлеуметтік қорғау мен халықты жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік бағдарламалар жобаларын жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, аудандағы әлеуметтік-экономикалық, еңбек қатынастары жөніндегі әлеуметтік әріптестікті дамыту.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР БОЙЫНША

Халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында бөлімде 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бөлімде мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары және регламенттері және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы стендтер орналасқан. Мемлекеттік қызметтердің 6 электрондық нысанда, 10 қағаз нысанда көрсетіледі. Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн негiзде көрсетiледi. Сонымен қатар, Ұлытау ауданы әкімінің ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі толық ақпарат орналастырылған. Бөлім қызметкерлері «Электрондық үкіметтің аймақтық желісі», «ХҚКО», «Е-собес», «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек», «Интерактивтік қолжетімді карта» ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауға бекітіліп, жүйелермен көрсетілетін Мемлекеттік қызметтердің стандарттармен көзделген жұмыс кестесін қатаң сақтау бойынша бөлімнің қызметшілері арасында құқықтық сабақтар өткізіліп, бизнес-процестің бұзылмауына жол бермеу үшін жұмыстар ұйымдастырылып отырады. 2021 жылдың 9 айында 672 жеке тұлғаларға 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – ӘЛЕУЕТТІ

Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша:

2021 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 27 отбасының 168 адамына көмек көрсетілді. 2021 жылдың 9 айында кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) 15 отбасының 23 баласына (1-6 жас) берілді.

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан көлеміндегі мүгедек жандардың мүддесін қорғау, оларға қамқорлық жасау бағыттарында жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

2021 жылдың 9 айында барлығы 587 мүгедек тіркелді. І топ-38, ІІ топ — 270, ІІІ топ — 245 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар — 34, оның ішінде есту бойынша мүгедектер-4, көру бойынша мүгедектер — 7, тірек қозғалуы аппараты нашар мүгедектер- 15, кресло арбамен жүріп тұратын мүгедектер -8.

Биылғы жылы үйлерге әлеуметтік көмек көрсету бағытында 60 жалғыз басты қарттарға және 18 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға, барлығы 78 адамға қызмет көрсетілді.

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік стандарты бойынша 16 адамға қызмет көрсетіліп, 1341,6 мың теңге игерілді. Мұнымен қоса, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 8 балаға 150,4 мың теңге төленді.

Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында — міндетті гигиеналық құралдармен және орын толтырушы жабдықтармен 57 мүгедек қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, 26 адамға жеке көмекшінің қызметі ұсынылып, 21 жеке көмекшілерге 8893,1 мың теңге бөлініп отыр. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» аясында мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 6 мүгедек азаматқа әртүрлі протездік-ортопедиялық құралдары (ортопедиялық аяқ киімдер, балдақтар, бел протезі) алынды. Оған 619,2 мың теңге төленді.

Мүгедектерге кресло – арбалар беру үшін 3 мүгедектің құжаттары рәсімделді. Оның сыртында мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 13 мұқтаж жанға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес (4 ноутбук, 2 сағат, 2 телефон, 1 тонометр, 1 термометр,2 плеер,1 тифлотрость) әлеуметтік көмек порталындағы тапсырыстарына байланысты, бөлім арқылы 3511,0 мың теңге республикалық бюджеттен қаражат алу, кезекті сессиядан сұралып, жылдың аяғына дейін төлеу жоспарлануда.Тұрғын үй көмегінің жәрдемақысына 6 отбасының 14 мүшесіне 457,7 мың теңге тағайындалып игерілді.

Тағы бір айта кетерлігі, ауылдық жерлерде тұратын білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға ҚР Заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмек аясында мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 2021 жылға 27027,0 мың теңге 10 АЕК-29170 теңгеден 927 маманға төлеу қазан айына жоспарлануда.

Үстіміздегі жылы жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2021 жылдың 9 айында 2691 адамға жалпы 24904,0 мың теңге сомасына мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы төлемдер берілді. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне, кәмелет жасқа толмаған 4 және оданда көп балалары бар – 725 анаға, жалпы сомасы 7250,0 мың теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 22 наурыз мейрамына сәйкес — Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен аспайтын, жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 5,0 теңгеден 52 адамға 260,0 мың теңге төленді.1 мамыр Халықтар бірлігі күніне орай 1,2,3 топ мүгедектеріне 5,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек – 589 адамға 2945,0 мың теңге көлемінде берілді. Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай Ұлытау ауданы бойынша 70 тыл ардагерлеріне 50,0 мың теңгеден 3500,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 4 ауған ардагерлерімен 3 Чернобыль қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек 100,0 мың теңгеден, коммуналдық төлемдер үшін 100,0 мың теңгеден, барлығы 1400,0 мың теңге аясында көмек берілді. 6 шілде Астана күніне орай 18 жасқа толмаған 37 мүмкіндігі шектеулі балаларға 5,0 мың теңгеден 185,0 мың теңге және Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен аспайтын, жасына байланысты зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 5,0 теңгеден 52 адамға 260,0 мың теңге бөлінді.

Амбулаториялық емделу кезінде әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауырған 7 адамға 437,6 мың теңге бөлініп отыр.

30 тамыз Конституция күніне орай 1,2,3 топ мүгедектеріне 5,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек – 552 адамға 2760,0 мың теңге көлемінде жасалды.

Отбасы күніне орай 70 жастан асқан 600 зейнеткерлерге 10,0 мың теңгеден 6000,0 мың теңге төленді.

2021-2025 жылдарына арналған «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға стандартқа сәйкес пандустармен, бейімделген дәретханалармен, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілермен Ұлытау ауданы бойынша 100 нысанның 20 пайызы, яғни 20 нысанды осы жылғабейімделу жоспарланып, 20 нысан, яғни 100 пайызы бейімделді. Бүгінгі күні «Қолжетімді интерактивтік картасына» 100 пайызы енгізілді. Оған жергілікті бюджет есебінен – 8200,0 мың теңге қаралып отыр.

Осы күнге дейін біздің салада Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында көптеген іс-шаралар атқарылды. Алдағы уақытта да жаңа Жолдау жүктеген міндеттерді атқаруға күш салатын боламыз. Қазіргі уақытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары осы.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.