Мәслихат хатшысы тұрғындарды қабылдады

Ел ішінде туындаған мәселелерге құлақ асып, олардың шешілуін жеделдету мақсатында «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдауды өткізуді дәстүрге айналдырған. Осы ретте қоғамдық қабылдауды аудандық мәслихат депутаттары өткізіп тұрады.

Бұл жолы аудандық мәслихаттың хатшысы Аманжол Мырзабеков «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының көкейінде жүрген біраз мәселелері мен сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға қатысқан ауыл тұрғыны Болат Ершұманов аудан бойынша электр жарығы жөніндегі мәселені қозғаса, Марат Мұқышев тұрғын үйін өз жеке меншігіне алу мәселесін көтерді. Ал, Дүйсенбек Байболов әлеуметтік мәселелер жөнінде шағымын айтты.

Барлық көтерілген мәселелерді тыңдап, сарапқа салған Аманжол Батырбекұлы олардың шешілуін өз назарына ұстайтынын жеткізді.

 Өз тілшімізден.