Қарағанды облысында үздік «Жасыл ел» жауынгерлері марапатталды
Қарағанды облысында XVII «Жасыл ел» жастар жасағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Биыл жобаға 14 пен 28 жас аралығындағы 1 800-ден астам жауынгер қатысты. Олардың үздіктері кезекті еңбек маусымының салтанатты жабылуы кезінде марапатталды.
«Жастардың ең көп саны Қарағандыда – 320 адам, Бұқар Жырау ауданында – 180, Теміртауда – 155, Осакаров ауданында – 140 және Балқашта – 135 адам жұмысқа орналастырылды. Осы еңбек маусымында жауынгерлер 947,3 га жерді өңдеп, 1 500-ге жуық ағаш отырғызды», – деді жастар саясаты мәселелері басқармасында.
«Үздік штаб» номинациясы бойынша Қарқаралы, Осакаров аудандарының және Шахтинск қаласының штабтары жеңімпаз атанды.
«Үздік Online-штаб» арнайы номинацияларында Теміртау қалалық штабы мен Бұқар Жырау ауданының «Ауыл жастарын қолдау» штабы марапатталды.
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жобасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылуда және ол ең алдымен жазғы демалыс және экологиялық тәрбие кезінде жастарды жұмыспен қамтуға арналған.
Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізеді, түрлі тақырыптық іс-шараларға және экологиялық акцияларға қатысады.