Талқыда – өзекті мәселелер

Аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ төрағалығымен жастар ісі жөнінде комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі бойынша жұмыс атқаратын кеңес мүшелері қатысты.

Комиссия отырысында 2021 жылы жүргізілген «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы туралы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Толқын Тәліпова баяндады. Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда атқарылған шаралары жөнінде аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжан Көпеева ақпарат берді.

Жиын қорытындысында, аудан басшысы Советбек Тұрсынұлы ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына, олармен мазмұнды мәнді кездесулер ұйымдастырып тұруға Гүлжан Көпееваға тапсырма берді.

* * *

Аудан әкімі Советбек Медебаевтың төрағалық етуімен Мемлекетті рәміздер жөнінде аудандық комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның жаңа құрамы таныстырылып, аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің стандартқа сәйкестігін тексеру және стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою мен ауыстыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын қалыптастыру мәселелеріне қатысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов баяндама жасады. Мекеме басшысы баяндамасында аудандағы біраз мекемелердің Рәміздері мен Елтаңбалары стандартқа сай емес екендігін жеке-жеке атап өтті. Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің басшысы алдағы уақытта мұндай тексеріс жұмыстары кент, ауылдық округтерде жүргізілетіндігін комиссия мүшелеріне хабардар етті.

Жиын барысында аудан әкімі Советбек Тұрсынұлы берілген тапсырмаға сәйкес, жұмыстарды ширату керектігін айтып,бұл олқылықтарды тез арада түзетуді талап етті.

* * *

Аудан әкімі Советбек Медебаевтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыс жөнінде аудандық комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен оқытушылардың діни киім кию мәселесі туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымов хабарлама жасады. Екінші мәселе діни экстремизм мен терроризмнің, теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелері негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аудан аумағындағы 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жөнінде болды. Осы мәселеге орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов ақпарат берді.

Жиын соңында аудан басшысы Советбек Тұрсынұлы күн тәртібіндегі қозғалған мәселелерді талқылап, орынбасары Алмаз Қайырбекке алдағы күндері атқарылуға тиісті жұмыстар жөнінде тапсырма берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.