Қарағанды облысының фермерлері елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

Нұр-Сұлтанда 2–3 қазан күндері Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары ет, көкөніс және басқа да азық-түліктерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысынан 126 фермерлік шаруашылық пен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Өңір фермерлері елордаға 150 тонна ет, 20 тонна сүт өнімдерін, 495 тонна картоп пен көкөніс, 200 мың дана жұмыртқа апарады. Жалпы алғанда 700 тоннаға жуық түрлі өнім жеткізу жоспарланып отыр.

Жәрмеңке өтетін орын – «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаң (Д. Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы).

Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

astana.gov.kz