Қарағанды облысында 28 қыркүйекте дабыл сиреналары іске қосылады
Қарағанды облысында 28 қыркүйекте екі жүзден астам құлақтандыру жүйесі іске қосылады. Дыбыстық электр дабылдары 11:00-де жұмыс істейді.
Дабыл сиреналары «Баршаның назарына!» құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру үшін қосылады.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Сабырлық сақтауды және үрей мен қауесетке бой алдырмауды сұраймыз», – деді Қарағанды облысының ТЖД аймақ тұрғындарына.