Мибұлақта — жаңа әкім
Кеше Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылында әкім сайлауы өтті. Сайлау тізіміне 351 азамат енгізілсе, олардың 319-ы дауыс беруге қатысты. Бұл туралы аудандық сайлау комиссиясы хабарлады.
«Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ұлытау ауданының кент, село, ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мибұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 351 азамат енгізілді, оның 319-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Анихан.Ж.Қ – 22; Әлімсейіт А.М – 29; Дандибаев С.М– 268.
Мибұлақ ауылдық округінің әкімі болып Дандибаев Сагындык Мухамедиевич сайланды», — делінген сайлау комиссиясының хабарламасында.
Сагындык Дандибаев 1969 жылы туған, бұған дейін Мибұлақ ауылдық округіндегі №18 ЖББОМ директоры лауазымында қызмет атқарған. Сайлауға «Nur Оtan» саяси партиясынан ұсынылған.