Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын «Еңбек күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығына сәйкес бекітілген болатын. Елімізде 2014 жылдан бастап, аталып өтіліп келеді. Бүгінгі күні бұл мейрам халқымыздың әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталып, Отанымыздың әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметтің көрінісі болып табылады. Әсіресе, нағыз еңбектің бағасын біліп, жұмыстағы жетістіктерін мақтан тұтатындардың мерекесі. Осы тұрғыдан алғанда еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан еңбек ардагерлеріне, өзінің адал және шексіз еңбегімен еліміздің экономикасының қалыптасуы мен егемен еліміздің гүлдену жолында айтарлықтай әлеует қалыптастырған аудан тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер өз салаңыздың мамандарын даярлау бойынша тәлімгерлік дәстүрлеріңізді нығайтып, жанкешті еңбек идеологиясын өміріңіздің негізгі принципі ретінде алға жетелейсіздер. Бүгін де жастарға өздеріңіздің бай кәсіби және адамгершілік тәжірибелеріңізді беруді жалғастырудасыздар және жастардың еңбекке, мамандықтарына деген сүйіспеншілігін сіңіре отырып, жүректерінде Отанға деген жоғары патриоттық сезімін ұялатасыздар.

Біздің мақсатымыз — лайықты жұмыс принциптері мен стандарттарына негізделген еңбек қатынастарын және оларды құқықтық реттеуді жақсарту. Біз ауданымыздың экономикасын дамыту үшін жаңа міндеттерге жауап беретін еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптарды арттыруды жалғастыруымыз керек. Барлығымыз өз жұмысымызды сүйіспеншілікпен атқарып, әріптестеріміздің құрметіне бөленіп, қызметімізде жоғарғы жетістіктерге жете береміз деген сенімдеміз. Бүгінгі мереке күні барлықтарыңызға зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Советбек МЕДЕБАЕВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

 Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.