«…Жанымды құлазытып жіберді»
Елден келген соңғы хабар жанымды құлазытып жіберді. Ардақты аға, ел қамқорының қазасын өз басым үлкен күйзеліспен қабылдадым.
Жақия Садықұлының халыққа жанашыр пейілі мен Ұлытаудың одан әрі дамуына мүдделі қалпы сөзінен де, ісінен де айқын аңғарылып тұрушы еді…
Үнемі өзінің өмір тәжірибесімен бөлісіп, атқарылған, атқарылатын жұмыстың артық-кеміне қатысты пікірін бүкпесіз білдіріп отыратын. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде де айтарлықтай көмек көрсетіп, қолдау білдіріп жүретін.
Жақия ақсақал, сөздің тура мағынасында, бұрынғы өткен абыздардың көзіндей еді…
Асылтекті ағамыздың қазасына байланысты отбасына, туыс-туғандарына, атпал азаматынан, ақылман тұлғасынан айырылған Ұлытаудың барша жұртшылығына қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын.
Марқұмның топырағы торқа, мәңгілік мекені пейіш төрінен болғай!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.