Ауыл сәулеті – халық дәулеті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік кепілі» атты Жолдауын пандемиядан кейінгі кезеңдегі еліміздің экономикалық дауынан бастағаны белгілі. Төрткүл әлемдегі елдер секілді Қазақстан да пандемияның зардаптарын тартуда. Әйтседе, ел экономикасының дамуы тоқтап қалған емес. Жер бетіндегі қай мемлекетті алсақ та, сол мемлекеттің өсіп-өркендеу жолында ел экономикасының дамуы айрықша рөл атқарады. Ал экономикалық тұрғыдан дамудың жетекші салаларының бірі – құрылыс саласы болып табылады. Елдің дәулетіне сәулеті сай болуы – жергілікті жерлердегі құрылыс саласына тікелей байланысты. Соңғы жылдары біздің ауданымызда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Стратегиялық маңызы бар құрылыс кешендерін айтпағанда, әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан аса маңызды құрылыс нысандары көптеп бой көтеруде. Аудандағы тұрғын үй мәселесі де жыл озған сайын оңтайлы шешіліп келеді. Аудан аумағындағы елді мекендерде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары жайлы білмекке, біз аудандық құрылыс бөлімінің бастығы Берік Бейсалыұлы Әбіловке арнайы жолығып, әңгімелескен едік.
– Берік Бейсалыұлы, ауылдың сән-салтанаты, көркі көбінесе салынып, пайдалануға беріліп жатқан, ауыл халқы игілігін көріп отырған әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың, тұрғын үйлердің көлеміне тікелей байланысты болатыны мәлім. Соңғы жылдары аудан бойынша құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданның құрылыс бөлімінің басшысы ретінде, аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі, оларға бөлінген қаражат, жоспардың орындалысы жайлы не айтар едіңіз?
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында елдің экономикалық дамуы жайлы ойлары жазылған. Осының аясында біздің ауданымызда да құрылыс жұмыстары кеңінен құлаш жаюда.Ұлытау ауданының 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына сәйкес, құрылыс жұмыстарының көлемін 3 200,0 млн.теңгеге орындау (2019 жылы – 63 925,1 млн.теңге, 2020 жылы – 3 124,0 млн.теңге) және 7684 ш.м. тұрғын үйлерді пайдалануға беру (2019 жылы – 8 851 ш.м., 2020 жылы – 4290 ш.м.) жоспарланған. «Құрылыс жұмыстарының көлемі» нысаналы индикаторының төмен орындалу себебі 2019-2020 жылдары Ұлытау ауданының аумағында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының бір бөлігін салу және газ құбырының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын орнату барысында 63 925,1 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болды. 2021 жылы аудан аумағында аталған жобаның инфрақұрылымдық жұмыстары орындалған жоқ.
– Аудандағы тұрғын үй мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келеді. Жеке үйлердің құрылысын айтпағанда, тұрғын үй кезегінде тұрғандар соңғы жылдары баспаналы болып жатыр. Ауданда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші қай деңгейде?
– Дұрыс айтасыз, ауданда тұрғын үй мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін табуда. Мысалы, «Тұрғын үйлерді пайдалануға беру» көрсеткіші бойынша жоспарға қол жеткізу мақсатында, Ұлытау селосында 3-қабатты 24-пәтерлі 1 тұрғын үйден, 2-қабатты 16-пәтерлі 2 тұрғын үйлерден, 2-қабатты 8-пәтерлі 2 тұрғын үйлерден 1-3 бөлмелі барлығы 72 пәтерлер сатып алу (барлық құны 896 502,8 мың теңге) арқылы және Ұлытау ауданының кент және ауылдық округтердегі жеке меншік қаражаттар есебінен тұрғын үй салулы азаматтардың есебінен орындау жоспарлануда. 2021 жылы Ұлытау селосында «Бозай KZ» ЖШС құрылысын салудағы 2-қабатты 16-пәтерлі 2 тұрғын үйлерден, 2-қабатты 8-пәтерлі 2 тұрғын үйлерден 1-3 бөлмелі, барлығы 48 пәтерлерді сатып алуға Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 12 тамыз 2021 жылы құны 531 711,8 мың теңгеге, оның ішінде Ұлттық қордан трансферт түрінде 403 200,0 мың теңге бөлуге бюджеттік өтінім енгізілді. Өтінімқолданғанжағдайдажергілікті бюджеттен 128 511,8 мың теңге бөлу мүмкіндігі бар.
– Берік Бейсалыұлы, еліміздің ертеңі – бүгінгі ұрпақ. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін ауылдық жерлерде спорт кешендері, стадиондар мен спорт алаңдары болуы шарт. Осы мақсатта Жезді, Қарсақбай кенттерінде салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің халі нешік?Аудан орталығыда жүргізіліп жатқан кәріз жүйесі жөнінде не айтасыз? Осылар туралы түсінік бере кетсеңіз…
– Әлбетте, ұрпағымыздың дені сау, денсаулығы мықты болып өсуіне спорттың пайдасы зор. Ал олардың спортпен шұғылдануларына стадиондар мен спорт алаңдары сай болулары керек. «Жұмыпен қамту 2020-2021 жылдарға араналған Жол картасы» жобасы аясында Жезді, Қарсақбай кеттерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары былтыр басталған болатын. Негізі «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру шеңберінде 2020 жылдын бастап ауданда 3 жоба іске асырылуда:
- «Қарсақбай кентінде 100 көрермендік орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасы.
Мердігер ұйым — «Караганда Строй Конструкция» ЖШС жеңімпаз болып, жобаның шарттық құны — 440 635,6 мың теңгені құрайды. Нысанды пайдалануға қабылдаудың мерзімі – 2021 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленген.
1 қаңтар 2021 жылғы жағдай бойынша мердігер ұйым жер жұмыстарын, іргетасты орнату, металл конструкцияларын, күштік трансформаторды монтаждау, сыртқы электрлік жұмыстар орындалды, сэндвич-панельдер және металлпластик терезелер орналастырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары мен ғимараттың жылыту жүйесін орнату басталған. Мердігер ұйымның қаражаттары есебінен модульды қазандықты сатып алу және орнату мәселесі шешілу сатысында. 2020 жылы бөлінген қаражаттар есебінен құны 353 951,3 мың теңге болатын аванстық төлем, сондай-ақ орындалған жұмыстарға төлем жасалды.
2020 жылдың соңына қаражаттардың қалдығы, сондай-ақ 2021 жылға қосымша қажеттілік 105 651,3 мың теңгені құрап, бүгінгі күнге қаражаттар толықтай бөлінді.
Абаттандыру, аумақты сыртқы жарықтандыру жұмыстарын ағымдағы жылғы қыркүйек айында орындау жоспарлануда.
2020 жылы басталған жобаға бір жылдық кезеңге арналған шарт жасалуына байланысты, 2021 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттарды игеруге қосымшща келісім жасауға мүмкіндік болмады. Осыған орай, аудан әкімдігінің 9 маусым 2021 жылғы №1-36/47 хатымен жолданған сұранысқа Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы берген ұсыныстары алынды. Ол бойынша «Technical Supervision Kz» ЖШС ғимараттың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қараудың техникалық қорытындысын әзірледі. Оның негізінде 17 тамыз 2021 жылы «Қарсақпай кентінде 100 көрермендік орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» (Құрылысты аяқтау) нысаны бойынша мердігер ұйымды анықтауға ашық конкурс жарияланды. Конкурсты аяқтау мерзімі – 17 қыркүйек 2021 жыл болып белгіленген-тін.
- «Жезді кентінде 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасы.
Мердігер ұйым — «Караганда Строй Конструкция» ЖШС жеңімпаз болып, жобаның шарттық құны – 396 717,1 мың теңгені құрайды. Нысанды пайдалануға қабылдаудың мерзімі – 2021 жылғы желтоқсан айы.
2020 жылы нысанға республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге бөлініп, 27.07.2020 жылы өткен Ұлытау ауданының бюджетін нақтылау барысында қосымша 212 000,0 мың теңге қаржы бөлінді. 1 желтоқсан 2020 жылғы жағдай бойынша Тапсырыс беруші тарапынан Мердігер ұйымға 30% көлеміндегі аванстық төлем және орындалған жұмыстарға 86 259,4 мың теңге қаражаттар аударылды. 2021 жылға облыстық және жергілікті бюджеттерден 325 603,1 мың теңге бөлінді. 23 тамыз 2021 жылғы жағдай бойынша 11 құрылысшылар нысанда іргетасты орнатыда бетондық жұмыстарды, 23 металлоконструкция тіреулері мен 22 белдеулерді орнатты.
20 тамыз 2021 жылы «Караганда Строй Конструкция» ЖШС мамандары 42 191,0 мың теңгеге шілде-тамыз айларында орындалған жұмыстарға Акт тапсырып, Бөлім тарапынан төлем жасалды. Осыған қосымша, 27 тамыз 2021 жылы 5 954,0 мың теңгеге төлем жасалды.
- «Ұлытау селосында кәріз тазалағыш имараттардың құрылысы» жобасы бойынша 2-кезеңі іске асырылуда. Мердігер ұйым «Еңбек-Қарағанды» РМК-мен жасалған келісім-шартқа сәйкес, жобаның құны 520,0 млн.теңгені құрайды. 2020 жылға Республикалық бюджеттен 494,0 млн.теңге, Жергілікті бюджеттен 26,0 млн. теңге бөлінді.
2020 жылы 344 018, 4 мың теңге қаражаттар игерілді. 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша қалдық қаражаттардың көлемі 149 981,5 мың теңгені құрады.
Нысанды пайдалануға қабылдаудың мерзімі – 2021 жылғы 31 желтоқсан.
1 қаңтар 2021 жылға мердігер ұйым тарапынан жер жұмыстары 4772 м3 топырақ қазу (жобаланған кәріз қондырғыларын — қабылдау камераларын, қалдықтарды жинау және тазалау резервуарларын орналастыруға арналған жер алаңдарын дайындау), 480 метр кіреберіс автокөлік жолының астына төсенді әзірлеу, 600 метр қысымды кәріз құбырын орнату жұмыстары жүргізілді.
Ұлытау ауылынан кәріз тазалағыш қондырғылар мен жабдықтар, 700 метр диам. 75 мм ПЭ құбырлар құрылыс учаскесіне жеткізіліп, кәріз тазалағыш қондырғылар Орал қаласындағы зауыттан жеткізіліп, учаскеге орнатылды.
23 тамыз 2021 жылғы жағдай бойынша 2021 жылға облыстық бюджеттен бөлінген 149 981,5 мың теңгені игеру мақсатында, мердігер ұйыммен қосымша келісім жасалып, 18.06.2021 жылы 100 000,0 мың теңге қаражаттар аударылды.
Бүгінгі күнге коммуналдық қызметтерді тұтынушылар, әлеуетті абоненттер — 610 жеке үй шаруашылықтары, мемлекеттік органдардың 40-тан астам әкімшілік ғимараттары мен жеке және заңды тұлғалардың сауда мекемелері, мәдени-ағарту және спорт объектілері, сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлерді кәріз желісіне қосу жұмыстары орындалуда
– Берік Бейсалыұлы, соңғы сауалым болсын. Аудан орталығындағы «сақалды» құрылысқа айналып бара жатқан «Өлкетану мұражайы мен «Сапар орталығының» құрылыстарының жағдайы қалай? Осы нысандар жайлы тарқатыңқырап айтып беріңізші.
– 2021 жылы Ұлытау ауданы бойынша 2014-2017 жылдары құрылысы басталған нысандардың құрылыс жұмыстары жалғасты рылып жатыр. Атап айтқанда Ұлытау ауылындағы Өлкетану мұражайының құрылысы 2017 жылдан іске асырылуда. Құрылыс көлемі – 1478,6 шаршы метрді құрады.
23 тамыз 2021 жылғы жағдай бойынша орындалған жұмыстар көлемі 90%, оның ішінде «Марал Құрылыс» ЖШС тарапынан ғимарат іргетасын орнату, 1-2 қабаттарын кірпіштен қалау, ғимараттың ішкі қабырлағаларын сылау, травертин сыртқы жабындысын орналастыру, ішкі және сыртқы электр желілерін орнату, жылыту қазандығының ғимаратын орнату, дренаждық жүйемен жерасты суларын бұру, төбесін битуммен жабу жұмыстары орындалды. Бүгінгі күнге 7 құрылысшылар ішкі жылыту жүйелерін орнату жұмыстарын, ішкі әктеу-әрлеу, аумағын абаттандыру жұмыстары орындауда.
Мердігер ұйым «Марал құрылыс» «Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосынындағы «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының Сапар-орталығы мен Этноауылдың құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының тартылатын тораптарының құрылысы» жобасы бойынша 2020 жылы Облыстық бюджеттен 200 000,0 мың теңге, Аудандық бюджеттен 41 696,0 мың теңге бөлінген.
ЖШС тарапынан нысанды пайдалануға қабылдаудың жоспарлы мерзімі – 2021 жылғы қыркүйек айы, шарттың әрекет ету мерзімі — 2021 жылғы желтоқсан айы.
Нысанды пайдалануға қабылдаудың мерзімі – 2020 жылғы 15 шілде.
Қарағанды облысының Мемлекеттік сатып алулар басқармасы конкурс өткізіп, 14 шілде 2020 жылы 208 438,4 мың теңгеге «Дәнекер» ЖШС мердігер компанияны жеңімпаз деп таныды. 01 желтоқсан 2020 жылғы жағдай бойынша 121 565,3 мың теңге қаражаттар игерілді.
2020 жылы «Дәнекер» ЖШСнің шарттық мерзімді орындамау салдарынан, Бөлім тарапынан Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тұрақсыздық айыппұлын өндіру жөнінде талап-арыз енгізілді. Кейіннен, Қарағанды облыстық аппеляциялық сот алқасына берілген жеке шағымды қарастыру нәтижесінде 14 желтоқсан 2020 жылғы №3599-20-00-2а/969 анықтауымен Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 4 желтоқсан 2020 жылғы анықтауы өзгеріссіз қалдырылды.
Сот инстанцияларында талап-арыз бен мен жеке шағымды қарастыру салдарынан, тапсырыс беруші 2020 жылғы желтоқсанда 2020 жылғы қараша мен желтоқсан айларында орындалған жұмыстар Актісіне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын қалдық сома көлеміне қаржыландырған жоқ.
16 сәуір 2021 жылы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын «Дәнекер» ЖШС-нің Тапсырыс берушіден 85 831,4 мың теңге қаражаттарды өндіру жөніндегі талап- арызы қанағаттандырылып, соттың қорытынды шешімі 28 мамыр 2021 жылы қабылданды.
4 маусым 2021 жылғы жағдай бойынша аудан әкімдігінің резервінен 25 000,0 мың теңге қаражаттар «Дәнекер» ЖШС-не аударылды.
26 шілде 2021 жылғы аудандық бюджетті нақтылау барысында қалдық 63 403,4 мың теңге аудан әкімінің резервіне ауыстырылды. Биылғы тамыз айында «Дәнекер» ЖШС-не берешек қаражаттарды толықтай аударылды.
— Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Рақымжан ӘДЕНҰЛЫ.