Жаңаарқа ауданында жылжымалы дәріхана ашылды
Жаңаарқа ауданында шалғайдағы ауыл тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.
«Жылжымалы дәріхана пункті созылмалы аурулармен ауыратын және есепте тұрған ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізетін болады. Ол елді мекендерге кесте бойынша қатынайды», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінде.
Жаңаарқа ауданында бір стационарлық әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Ол аудандық орталық ауруханада орналасқан. Дәрі-дәрмек сатып алу үшін шалғай ауылдардың тұрғындары бұрын аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Енді дәріхана оларға өзі барады.