Қарағанды облысында егін жинау науқаны 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда

Қарағанды облысының шаруалары егін жинауды 10 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні дәнді дақылдардың 90% жиналды.

Биыл Қарағанды облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 40 мың гектарға ұлғайтылды. Аймақ аграршылары жақсы егін жинайтындарын атап өтті.

– Ауа райы қолайлы болған жағдайда астық жинауды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда 157 мың тоннадан астам картоп пен 19 мың тонна көкөніс жиналды. Картопты жинауды 1 қазанға дейін, көкөністерді – 10 қазанға дейін аяқтаймыз, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, облыста 2 мың тоннадан астам шөп, 24 мың тонна пішендеме, 17 мың тонна сүрлем және 120 мың тонна сабан дайындалды.