Ауылдық округ әкімі лауазымына сайлануға үміткерлер назарына!

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес, ауылдық округ әкімі лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде ақылы негізде жариялауға құқылы.

Соған орай, Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы» ЖШС материалдарды жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:

  • Газеттің бірінші және соңғы түрлі-түсті беттеріне: әр см2 – 180 теңге.
  • Ішкі беттерде әр см2 – 90 теңге.
  • Бірінші түрлі-түсті бетке берілетін материал көлемі 200 см2-ден аспауы тиіс.

Ескертулер:

  • газет аптасына бір рет – сенбі күндері жарық көреді;
  • жариялануға ұсынылатын материалдар газеттің келесі номері шығатын аптаның бейсенбісінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс;
  • үміткерлердің материалдары «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңы талаптарына сай болуы – міндетті.

 

Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің

редакциясы.