Қарағандылық жас теннисші Словенияда өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Словенияда өткен үстел теннисінен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды.

Турнир Оточецте өтті. Оған Еуропа, Азия, Американың 20 елінен келген спортшылар қатысты.

15 жастағы теннисшілер арасындағы жарыста Қазақстан чемпионы қарағандылық Алан Құрманғалиев үздік өнер көрсетті. Ол алты матч өткізіп, бес жеңіске жетті.

оlympic.kz