Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына су үнемдеу технологияларын енгізу ұсынылады
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын су үнімдеу технологияларын енгізуге және қолдануға шақырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес су ресурстарын тиімсіз басқару Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне негізгі кедергі болуы мүмкін.
Сондай-ақ өнеркәсіпте су пайдаланудың тиімділігін 25%-ға арттыру қажет (бұл 2030 жылға қарай 1,5–2 млрд м3 суды үнемдеуге мүмкіндік береді). Ол не үшін қажет:
1) энергия тиімділігі технологияларын енгізу есебінен кәсіпорындарда су тұтынуды төмендету, бұл табиғи өнім бірлігіне суды үнемдеуге және энергетика, өндіруші және металлургия салаларында суды үнемдеуге (тұтынуды 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді); сарқынды суларды қайта пайдалану және айналмалы сумен жабдықтау (алдағы 17 жылда олар 4%-ға өседі деп күтіледі);
2) өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін су алу және тазарту стандарттарын арттыру.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы