«Атамекен» экспедициясы – Ұлт бесігінде
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ бастамасымен ұйымдастырылып, ел ішіне шыққан «Атамекен» экспедициясы облыс орталығында, Жаңаарқа ауданы мен Жезқазған қаласында аялдап, Ұлытау ауданына келді. Өңірлердің тарихи-мәдени және туристік әлеуетін бұқараға барынша танымал етуді мақсат тұтқан автокеруенді Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халық бірлігі монументі іргесінде аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ қарсы алды
«Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ төрағасының орынбасары Ерболат Қамен бастаған экспедиция құрамында «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, осы басылымның бөлім меңгерушісі, ақын Мирас Асан мен Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Қайрат Әбілда, «Saryarqa Aqparat» медиахолдингі директоры Қамбар Ахмет, танымал жазушы, этнограф, журналистика ардагері Төрехан Майбас, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нұржан Ілияш және басқалары болғанын айта кеткен жөн.
Жылыжүзді жүздесу барысында Ерболат Тілекқабылұлы сапардың мақсаты мен түпкі межесі хақындағы ұстанымдарын тілге тиек етсе, Советбек Тұрсынұлы Ұлытаудың өткені мен бүгіні, ұлт қазынасы саналатын тарихи жәдігерлерінің ерекшеліктері мен маңызы туралы әңгіме өрбітті.
Меймандар «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында болып, бай мұра – тарихи эспонаттармен жете танысты. Туристерді қабылдау мақсатында салынған бірегей кешен Сапар орталығын аралап көрді.
Өз тілшімізден.