Улы газ сезгіш дабыл деген не?

Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үй секторында өрт санының өсуі, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы, сондай-ақ улы газбен улану деректері ерекше алаңдаушылық туғызады.

Үйреншікті өрт белгілерінен (түтін мен от) улы газдың айырмашылығы ол – түссіз және иіссіз. Сондықтан, өрт кезінде адамдар өрттің бастапқы сатысында-ақ газдан уланып қайтыс болады. Егер ауада 1% астам СО қамтылса, бұл өлімге әкеліп соқтырады.

Улы газбен уланудың, үйде автономдық улы газ сезгіш дабылын (газанализатор) пайдалана отырып, алдын алуға болады. Көмірқышқыл газын анықтау дабылдары бұл – үй ішіндегі ауаның құрамындағы көмірқышқыл газының деңгейін үздіксіз бақылап тұратын электрохимиялық сезгіштер. Егер тұрғын үйдегі көміртегі тотығы рұқсат етілген деңгейден асса, аталмыш сезгіштер сигнал беру арқылы қауіпті ескертеді. Мұндай құрылғыларды сатып алу шығындары адам өмірімен салыстыруға келмейді.

Ескерту: газбен уланудың алдын алу мақсатында жылыту пештерін қолданатын тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына автономдық улы газ сезгіш дабылын сатып алу жөніндегі ақпаратты интернет ресурстарынан табуға болады (мысалы-satu.kz).

Медет ИСМАЙЛОВ,

Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты