Басты құжат өзектілігімен құнды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған үшінші Жолдауы туралы алуан сипатта жағымды пікір білдіруге болады. Жолдауда әрбір адамның көкейінде жүрген бірқатар мәселелер қамтылды.

Ең бастысы, Жолдауда елдегі қазіргі жағдайды терең талдау негізінде республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдық бағдарлары мен стратегиялық жоспарын айқындады. Әсіресе, ең әуелі әр адамның жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасау, олардың құқығы мен бостандығын қорғау, тұрғын-үй жағдайларын жақсарту, әл-ауқатын арттыру, оның ішінде, техникалық қызметкерлердің жалақысын өсіру, ең төменгі жалақыны 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру көңілге қонымды болды. Сондай-ақ, зейнетақы жинағының бір бөлігі «Отбасы банкі» шотына аудару, тұрғын-үй сатып алудың ісін оңтайландыру деп ойлаймын. Өз басыма Президенттің білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларға ерекше ден қоюы мемлекетіміздің, халқымыздың әл-ауқатының артуына жақсы бір леп сезіліп тұрғандай көрініс берді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы реформалар азық-түлік бағасының өсуін бақылау, заңының үстемдігін сақтау, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жақтары баса айтылды. Бұл ретте, осы міндеттерді іске асыру жолында халқымыздың бірлігінің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылданатыны да Жолдауда көрсетілді. Бұл құжатты одан әрі іс жүзінде жүзеге асырып жатсақ, үлкен жетістік болар еді. Ел үшін қабылданған Жолдауды басшылыққа алып еңбек етсек, Тәуелсіздігіміздің нығаюына қосқан бір үлесіміз деп санаймын.

 

Әубәкір ӘБДІРАХМАНОВ,

 ардагер-ұстаз.