Жаңаарқаның алты көшесінде су құбырлары жаңартылады

Қарағанды ​​облысының Жаңаарқа ауылында алты көшеде су құбыры ауыстырылады. Бұл ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңаарқада су құбырларының ұзындығы 218 шақырымды құрайды. Олардың жартысынан көбі тозған, соның салдарынан апаттар орын алады.

– Құбырларды алмастыру қажет. Жұмыстар Ж. Сәдуақасов, Қ. Әбжанов, Достық, Интернациональная, Ж. Садықбеков, Абай көшелерінде жүргізілетін болады. Бұлардың бәрі қосалқы бөлімдер, – дейді «Таза Су» ҚММ директоры Жәнібек Рысбеков.

Сонымен қатар, ауылдағы кәріз құбырларын ішінара ауыстыру жұмыстары да басталды.