Әскери ортада құқықбұзушылыққа жол жоқ!

Ертеңгі күніміз кешегі өткен сәтпен, бүгінгі жасап жатқан ісімізбен тығыз байланысты. Айтарлықтай еліміздің болашағы, отанымыздың тыныштығы – Отан алдындағы әр атқа мінер азамат пен азаматшалардың қасиетті борышы мен негізгі міндеті. Ұлы Қазақ жерін, Қазақстан елін сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың қорғаған шекарасы, тау-тасы, кең байтақ өлкесі өскелең ұрпаққа баға жетпес мұра. Қанымыз тамған, теріміз сіңген Алтайдан Атырауға дейінгі Алаш елі, Сарыарқасы басымызға бұйырған бақ.

Ендігі кезекте бұл мекеннің көк туын биікке желбірету бізге, яғни Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрамындағы әрбір әскери қызметші алдындағы міндет.

Осы күні Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының Анықтау және іздестіру бөлімінің аға офицерлерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығымен, Қарағанды гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердегі барлық санаттағы әскери қызметшілердің тарапынан Қылмыстық (ҚР Қылмыстық Кодексінің 18-тарауы), әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасамау және тәртіптік жазаға бой алдырмау мақсатында, бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетпеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал, «Сыбайлас жемқорлық – бұл тек жүйені ғана емес, кез-келген мемлекеттің негізін жоюшы факторлардың бірі» осы бағытта күнделікті алдын-алу, ескерту, жолын кесу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Аталған жұмыстардың басты мақсаты – әскери қызметшілердің Отан қорғау алдында дұрыс жолдан тайынбауына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың әскери ортада тамыр жайғандығы зардабын қандай ауқымда болатынын жеткізу.

Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзімен қорытындылайтын болсақ, «Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі».

Ж.ҚАЙДАРҰЛЫ,

 Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының офицері,

әділет подполковнигі Б.МАМАНОВ,

әділет аға лейтенанты.