Кәсіподақ мүшелері – мерейлі

Аудандық мәслихаттың хатшысы Аманжол МЫРЗАБЕКОВ пен Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Шаяхмет ҮМБЕТОВ еңбегімен ерекшеленген азаматтарға лайықты марапаттарын тапсырды.

Ұлытау аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып, зейнет демалысына шыққан Рахмания Жүкенов «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Ал аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алмаз Қайырбек Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері атанды.