Көше шамдары жаңартылды
Ұлытау ауданы, Борсеңгір ауылында көшедегі жарық беру бағаналарының шамдары жаңартылды. Соның аясында Қазақстан, Қазыбек би, Наурыз, Ардагерлер, Сарыарқа көшелері бойындағы шамдар толықтай ауыстырылып отыр.
– Ауылда 73 бағанадағы көше шамдарын заманауи үлгідегі шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Светодиодты шамдар бұрынғы шамдармен салыстырғанда бірнеше есе үнемді әрі қуаты әлдеқайда жоғары. Осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүргізе беретін боламыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында осындай ілкімді шаруаның орнықты атқарылуы тұрғындарды қуанышқа кенелтті, – дейді ауылдық округ әкімі Бауыржан Әлімбек.
Жасұлан АЯШЕВ
БОРСЕҢГІР ауылы