Қарағандылықтардың үйлері алдағы маусымда анағұрлым жылы болады
Қарағандыда сапалы жылумен қамту тапшылығы мәселесі шешілуде. Оң өзгерістерді Оңтүстік-Шығыс тұрғындары, сондай-ақ жаңа үйлердің тұрғындары сезінеді. Облыс орталығында «Нұрлы жер» бағдардамасының шеңберінде ЖЭО-3-тен М-3 жылу шығару құбырын салу бойынша жоба жүзеге асырылуда.
Жылдан жылға қаланың аумағы кеңеюіне байланысты қазіргі желілердің қуаты жеткіліксіз. Ауқымды жоба биыл басталды.
Қазірдің өзінде 3,5 шақырым құбыр салынды. 75 адам мен 22 арнайы техника жұмылдырылды. Жер асты магистралдық жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 20 шақырым. Сондай-ақ, төрт сорғы станциясы салынады. Жылу құбыры қаланың тұрғын үй алаптарын айналып өтіп, Оңтүстік-Шығыс тұрғындарының үйлеріне жылу жеткізеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің бастамасымен іске қосылды. Оның айтуынша, Қарағандының оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жоспарлы аудандарын одан әрі дамыту ЖЭО-3 жаңа жылу құбырынсыз мүмкін емес.