Жаңаарқада оқушылар үйі қайта жөндеуден кейін ашылды

Қарағанды облысының Жаңаарқа кентінде қайта жаңартудан кейін оқушылар үйі ашылды. Ғимаратта робототехника, қыш шеберлігі кабинеті, STEM-зертхана және телестудия жабдықталған.

Оқушылар үйі жергілікті балаларды қосымша біліммен қамтамасыз етеді. Ол 288 оқушы қабылдай алады. 6–17 жастағы барлық ниет білдірушілер бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Сабақтар аптасына екі рет (40 минуттан) екі тілде тегін өткізіледі.

«Оқушылар үйі өте кең, жарық, жаңа техникалық құралдармен жабдықталған. Онда сапалы білім алу, балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және танымдық ынталандыру үшін қажеттінің барлығы бар. Заманауи секциялар өскелең ұрпақтың сұранысын қанағаттандыра алады және таланттарды ашуға, даралықты көрсетуге, сондай-ақ болашақта мамандық таңдауға көмектеседі», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Ғимаратта робототехника, информатика және компьютерлік графика, көркем еңбек кабинеттері, телестудия, жасыл технологиялар кабинеті және акт залы бар. Оларда бес интерактивті панель, 28 ноутбук, үш компьютер орнатылған.

«Оқушылар үйі өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: ғылыми-тәжірибелік, экологиялық-биологиялық, көркемдік-эстетикалық. Балалар үшін алты секция ашылды: робототехника, STEM-зертхана; бағдарламалау; 3D және компьютерлік графика; жасыл технологиялар, гидропоника; телестудия, дыбыс және бейнежазба; көркем еңбек, қыш ісі. Әр секцияда 12-15 адам жұмыс істейді», – деп толықтырды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Секцияларға балаларды жазу басталды. Баласын үйірмелердің біріне жазу үшін ата-аналар оларды mindal.24 сайты арқылы тіркеуі керек. Сабақ 15 қыркүйекте басталады. Қосымша ақпарат okushilar_ uii.zhanaarka Instagram парақшасында. Сондай-ақ, қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды электрондық пошта арқылы алуға болады: domshkol _zhanaarka@mail ru.