Қолыңды соз, қамқор жан!
Республикалық «Мектепке жол-2021» акциясының басталғанын хабарлаймыз. Осы орайда, жомарт жандарды аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету және жаңа оқу жылына дайындығы жоқ балалардың мектеп табалдырығын аттамай қалуының алдын алу мақсатында өтетін осы игі бастаманың қатысушысы болуға шақырамыз.
Сіздер осы акция аясында мектеп формасы және спорттық киім, сөмке, оқу-құралдарын алып беру арқылы көмек көрсетуіңізге болады. Биыл да жылдағыдай жергілікті кәсіпкерлер, ұстаздар қауымы мен үкіметтік емес ұйымдардың қайырымдылықтан аянып қалмайтынына және бала өміріне бейжай қарамайтын азаматтардың табыларына сенеміз. Ендеше, балаға қуаныш сыйлап, жүзіне күлкі үйіруге асығайық! Өзгеге деген қамқорлықтарыңыз сауаптан болсын!
Қуаныш ӘБЕЕВ,
№4 Қаракеңгір орта мектебінің әлеуметтік педагогы.